Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 953 600 теңге айыппұл өндірілді

2 953 600 теңге айыппұл өндірілді

ҚР АШМ Жер комитетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов әлеуметтік желіде белсенді. Комитет төрағасы бірер күн бұрын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ауданымызға қатысты ақпаратты жариялады.

«Қызылорда облысында жер заңнамасын бұзғаны үшін Серіктестікке 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен Қызылорда облысы ауыл шаруа­шылығы басқармасының хаты негізінде «G» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің қызметінде жер заңдылықтарының сақталуына тексеру жүргі­зілген» делінген Мұрат Теміржановтың жазбасында.

Нақтырақ айтар болсақ, серіктестік жерге құқықты белгілейтін құжат­тарын рәсімдеп алмастан Сырдария ауданының босалқы жерлерінен көлемі 9,5 гектар мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленіп, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру (карьер №1, №2) мақсатында пайдаланған. Сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алғаны анықталған. Соған сәйкес ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 136, 337-баптарымен әкімшілік іс өндірістері қозғалып, ЖШС-нан 2 953 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілген. Сонымен қатар ҚР Жер кодексінің 148-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес ҚР жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті нұсқама берілген.

«Айта кету керек, нұсқама орындалмаған жағдайда ЖШС ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша әкімшілік жауап­кершілікке тартылады және нұсқаманы мәжбүрлі түрде орындату үшін департаментпен сотқа талап арыз берілетін болады» деп түйіндеген ҚР АШМ Жер коми­тетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы өз жазбасын.

«Тт» ақпарат
Фото:Egemen.kz
27 тамыз 2024 ж. 126 0