Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жерлесіміз жаңа қызметке тағайындалды

Жерлесіміз жаңа қызметке тағайындалды

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының №121-ж бұйрығымен Мақсұтов Еркебұлан Мақсұтұлы Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Еркебұлан Мақсұтов 1985 жылы 27 қарашада Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
Жгг

2003-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Медициналық академиясының «Терапия» факультетін ойдағыдай тәмәмдап, дәрігер біліктілігін алған.


Еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда қалалық №1 емханасында жетінші аймақтық дәрігер болып бастаған.


2011 жылы Қызылорда қалалық ауруханасына дәрігер-терапевт болып ауысып, сол жылы «ревматология» мамандығы бойынша білімін жетілдірген.

2012 жылдан бастап көпбейінді қалалық аурухананың «ІІ терапия» бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының штаттан тыс бас ревматологы қызметтерін абыроймен, жоғары деңгейде атқарып келді.

Еркебұлан Мақсұтұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!
09 мамыр 2021 ж. 841 0