Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ


Жақында аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әжейдің қызықты ертегілері» атты дауыстап оқу №35 мектеп-лицей жанындағы «Балдырған» жазғы лагерінде бастауыш сынып оқушылары арасында өтті. Шараға тәлімгерлер мен тәрбиешілер қатысты.

Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою мен халық ауыз әдебиетіндегі шығарма кейіпкерлерінің ісіне баға беру мақсатында өткен шара оқушы бойындағы адамгершілік, ұқыптылыққасиеттерді дамытып қана қоймай логикалық ойлауы мен шығармашылыққабілетін арттыратыны сөзсіз. 
Кішкентай оқырмандар қатысқан шара барысында «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ», «Дос іздеген бота», «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық», «Ақшақар», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үш аю», «Маша мен аю», «Түлкі мен тырна» сынды ертегілер дауыстап оқылды.
Кітапхана қызметкерлері аталмыш ертегілер кейіпкерлерінің мінез-құлқына, істеріне баға бере отырып, балаларды жақсылық пен қайырымдылыққа шақырды. Шара соңында «Ертегілер еліне саяхат» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалып, жан-жақты насихатталды. Оқушылар бір-бірлеріне жақсы тілектерін білдіріп, көңілді тарасты. 
Айдана МАРАТҚЫЗЫ
30 маусым 2018 ж. 1 576 0