Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласында Республика күніне орай «Republic Day» акциясы аясында тауарларға жеңілдіктер басталды

Қызылорда қаласында Республика күніне орай «Republic Day» акциясы аясында тауарларға жеңілдіктер басталды

Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты.

Аталған акция ағымдағы жылдың 24-27 қазан күндері өткізіледі.

Біздің өңірімізден «Republic Day» акциясына «Анвар», «Аль-Асад», «Қызылорда-Оптомаркет» сауда желілері, «Small» супермаркеті, «Отырар», «BAIUZAQ PLAZA», «Рай плаза», «Келзин» сауда орталықтары мен « Aray City Mall», «Жібек жолы» сауда ойын-сауық орталықтары қатысуда.

Акцияға қатысушы сауда орындары мерекелік безендіру мен патриоттық әндерді қою, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қатар тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да тауарларға 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастыру шараларын бастады.

« Aray City Mall» ойын-сауық орталығында «Luxury» косметика дүкені тауарлардың жәрмеңкесін, ал «Жібек жолы» ойын-сауық орталығы концерттік бағдарламасын ұйымдастырып, ондағы «Ботақан» балалар ойын алаңы балалар үшін шоу-бағдарламасын өткізеді.
«Қызылорда оптомаркет» сауда желісіне патриоттық әндер оркестрмен орындалып, тауарларды сатып алушылар арасында байқаулар өткізіледі.

«Анвар» сауда үйі 25-қазан күні тауарларды сатып алушылар арасында түрлі байқаулар өткізіп, әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламалар мен «Империя» рестораны қатысушылар үшін тағамдардың дәмін тату дегустациясын өткізеді.

«Ақжан» сауда үйінің 1-ші қабатынан 25-қазан күні азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сатуға бағытталған «Halyk Mart Plus» сауда желісі ашылады. Салтанатты ашылуына орай, концерттік бағдарламалары мен тауарларды сатып алушылар арасынан байқауларды өткізеді.

Халықты жергілікті өніммен төмен бағада қамтамасыз ету үшін дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі
25 қазан күні барлық аудан орталықтарында және 25-26 қазан күндері қаланың белгіленген бірқатар орындарында өткізіледі.
Жәрмеңкенің өтетін орны:

1) Қызылорда қаласы – Сол жағалау Syr-Darya» коммуналдық базарының алды;

2) Тасбөгет кентінің орталық алаңы;

3) Қашаубаев көшесі мен Жетікөл көшесінің қиылысы («Титов» қыстағы).
24 қазан 2025 ж. 154 0