Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдептілік – мемлекеттік қызметтің ұстанымы

Әдептілік – мемлекеттік қызметтің ұстанымы

Қазақстан Республикасының мем­лекеттік қызмет жүйесі қалып­тасқаннан бері мемлекеттік қызмет­шілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдептілігі маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік басқаруды жаңаша ұйымдастыру – Жаңа Қазақстанды қалып­тастыру жолындағы басты фак­тор.

Қоғамның мемлекеттік орган­дарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланысты жақсарту, адамға бағдарланған мемлекеттік бас­қарудың жаңа моделін қалып­тас­тыру бағы­тында Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Жарлығымен мем­лекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі де жаңа редакцияда бекітілді.

Бұл Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалып­­тастыруға, сондай-ақ мемле­кеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Кодекстің жаңа редакциясында «Мемлекеттік қызметтің әдеп­тік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізіліп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызмет­тік әдебі алты қағидатқа, яғни адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағ­дарлану деген қағидаттарға негіз­делген.

Сонымен қатар жаңа Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің әдеп­тік қағидаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары бекітіліп, оны насихаттау мен бұзушылықтардың профилактикасында Әдеп жөніндегі кеңес­тің және Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлінің маңыздылығы артты.

Биылғы жылы Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 8 отырысы өткізіліп, 44 мәселе күн тәртібіне шығарылды. Қаралған мәселелердің 16-сы тәртіптік істер болса, 28-і бұзушылықтардың профилактикасына бағытталды.

Тәртіптік істерді қарау нәти­желерімен 2 тәртіптік іс тоқтатылса, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 3 мемлекеттік қызметші, мем­лекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бер­гені үшін 11 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Жалпы, мемлекеттік қызмет­шілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші, ең әуелі халыққа қыз­мет ететінін естен шығармай, өздері қабылдайтын шешімдердің заң­дылығын, әділдігін қамтамасыз етуге, қызмет барысында әдептілік нор­маларын қатаң сақтауды, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауды және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеу керектігін назардан шығармауы тиіс.

Талғат Нуртаев,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің Мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау
басқармасының басшысы

25 қазан 2025 ж. 34 0