Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады


А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс саласы қызметкерлерінің күніне арналған «Қанатты қалам-2018» салтанатты шарасы өткізілді.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Сыр өңірінің баспасөз тарихы тамырын тереңнен алады. 1925-1929 жылдар Қызылорда Қазақстанның астанасы болған кезде Сыр өңірінің мерзімді ұлттық басылымдарының қалыптасу және шыңдалу кезі болды. Ұлттық журналистикамыздың дамуы мен қалыптасу жолына көз жүгіртсек, сөз өнерінің майталмандары Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтар осы өңірде журналистік қызметтерін атқарғанына тарих куә. Олардың ісін жалғастырушы қазіргі ұрпақ та облыстың жаңалықтарын жедел ақпараттандырса, Сыр өңірінің көптеген түлектері республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында табысты  еңбек етуде», - деді аймақ басшысы.
  Сондай-ақ, облыс әкімі жуырда 80 жасын тойлаған Құрметті журналист, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері Өтеген Жаппарханды мерейтойымен құттықтап, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
Сонымен қатар, бірқатар БАҚ құралдарының қызметкерлері Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі және алғыстарымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Сағитжан Бермағамбетов атындағы жас журналистер байқауының жүлделерімен марапатталды. Одан бөлек, Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев Одақтың марапаттарын табыстады.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
29 маусым 2018 ж. 978 0