Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістандықтар жалған ақпаратқа бола бейкүнә адамды азаптап өлтірген

Үндістандықтар жалған ақпаратқа бола бейкүнә адамды азаптап өлтірген


Непалдағы қоғамдық ұйым желіге адам ұрлау мәселесі бойынша түсірілген бейнежазба жариялады. Бірақ бұл видео Үндістанда кері бағытта танылып, адам өліміне әкеп соқтырды. Желідегі видеоны көрген халық бейкүнә азаматты адам ұрлаушы деп ойлап қалып, азаптап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бірақ, бұл видео үндістандықтарға кері әсер етті.
Үндістан халқы бейнежазбаны балаларды жоспарлы түрде ұрлау туралы хабарлармен қоса, хабаршылар мен әлеуметтік желілерде тарата бастады. Тіпті, БАҚ-да мұндай қылмыстардың алдын алу үшін неше түрлі хабарландырулар жарияланып, Үндістанның оңтүстігіне 5000-ға жуық адам ұрлайтын қылмыскерлердің келгенін хабарлаған.
Ал,  хабарламаға аса мән берген халық Бангалорға жұмыс іздеуге келген 26 жастағы Каала Раманы ұры деп ойлап қалып, оны өлімші етіп сабап, аяқ-қолын байлап көшеде сүйреген. Жалған ақпаратқа бола жазаланған бейкүнә азамат ауыр соққыдан ауруханада көз жұмды.
Енді үнді  полициясы халықты әлеуметтік желілердегі хабарландыруға сенбеуге шақыруда. Олар тұрғындарға тек арнайы хэштектермен ғана ақпарат таратып жатыр.
27 маусым 2018 ж. 1 042 0