Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарапайым майлық 32 жыл бұрын адам өлтірген қаскөйді табуға көмектесті

Қарапайым майлық 32 жыл бұрын адам өлтірген қаскөйді табуға көмектесті


Қарапайым майлық осыдан 32 жыл бұрын адам өлтірген қаскөйді табуға көмектесті. 66 жастағы Вашингтон тұрғыны Гэри Хартмен 12 жасар Мишелла Уэлчті өлтіргені үшін қолға түсті.

Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қыз 1986 жылы әпкелерімен серуен кезінде жоғалып кеткен. Кейіннен оның өлі денесі табылған. Сараптама нәтижесі Мишелланың бастан соққы алып, көз жұмғанын көрсеткен. Сондай-ақ, қызға сексуалдық зорлық көрсетілгені анықталған-ды.
2006 жылдың мамыр айында іс материалдарынан ер адамның ДНҚ-сы табылған. Алайда мамандар тек 12 жылдан кейін ДНҚ-сы қаскөйдікімен сай келетін ағалы-інілі азаматты анықтаған.
4 маусым күні детектив күдіктілердің бірі Гэри Хартменнің үйін аңдыды. Келесі күні Хартмен әріптесімен бірге таңғы ас ішу үшін кафеге барған. Детектив көрші үстелге отырып, ер адамның әрекеттерін бақылаған. Күдікті бірнеше мәрте аузын майлықпен сүртіп, оны тастай салған. Мекеме қызметкері детективтің өтінішімен майлықты оған әкеліп берген. Оны күдіктімен ДНҚ-сымен салыстыру үшін зертханаға жіберген.
Кейіннен майлықтан табылған ДНҚ мен бала өліміне күдіктінің ДНҚ-сы сай келетіні анықталған. Хартмен қыз зорлап, оны өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
24 маусым 2018 ж. 1 381 0