Қазақстан Конституциясына 30 жыл

30 тамыз – Қазақстан тарихындағы ұлы белес. Бұл күн елдіктің тұтастығын, азаттықтың заңдық кепілдігін нығайтқан мерейлі дата болып қала береді.
Конституция сөзінің түп негізі адам құқығын қорғау, бостандығын сақтау, теңдігіне кепіл болу тұжырымына келіп тіреледі. Қазақстан Республикасының дамуына ықпал етіп, мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам, оның бостандығы мен құқығы екенін бекіткен Ата заңымыздың да елге тұтқа, халыққа бағдар болып келе жатқанына биыл 30 жыл.
Өткенді қорытып, бүгінгіні салмақтап, келешекке меже белгілеуде 30 жыл аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде Конституция өркениетті елдер сапына қосылуымызға жол ашты. Еліміздің осы негізгі Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, экономикалық реформаларды жүргізудің басты құралына айналған Ата Заң адамдардың барлық азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, олардың мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды.
Сырғабаева Жұлдыз Бағдатқызы,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
бас маман сот отырысының хатшысы
Фото: Ашық дереккөзден