Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елімізде әлеуметтік көмек кімге берілетінін ЖИ анықтайды

Елімізде әлеуметтік көмек кімге берілетінін ЖИ анықтайды

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау процесі жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жүзеге асуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруды стратегиялық міндет ретінде айқындаған болатын. Осы бағытта министрлік әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді цифрландыруды жалғастырып келеді.

Вице-министр Олжас Анафиннің айтуынша, бүгінде ЖИ Random Forest Classifier моделі арқылы "оқытылып" жатыр. Бұл алгоритм көптеген факторды біріктіріп, шешім қабылдау кезінде неғұрлым дәл әрі тұрақты нәтиже береді.

Қазіргі уақытта модель кешенді валидациядан өтті, дәлдік деңгейі 90%-дан асты, бұл оның енгізуге дайын екенін көрсетеді, - деді Олжас Анафин.

Жаңа технология алдымен пилоттық режимде іске қосылады. Бұл кезеңде ЖИ қабылдаған шешімдер жергілікті атқарушы органдарға ұсыным ретінде беріледі. Кейіннен ол шешім қабылдаудың қосымша өлшемшартына айналуы мүмкін.

Жобаның екінші кезеңінде "компьютерлік көру" технологиясы енгізіледі. Өтінімдерде ұсынылған фото және бейнематериалдарды талдау арқылы отбасының тұрмыс жағдайын жан-жақты бағалау жоспарланып отыр. Ал үшінші кезеңде отбасыларды қиын жағдайдан шығаруға арналған жеке жоспар әзірленетін болады.


Фото:BAQ.KZ

19 қыркүйек 2025 ж. 81 0