«Адам папиллома вирусы» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма базасында «Адам папиллома вирусы» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Брифинг спикері басқарма басшы орынбасары Қазбек Нұрсұлтан Сәділұлы «Адам папиллома вирусы» тақырыбы бойынша құнды ақпаратпен бөлісті.– ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы түрде вакцинация жүргізілуде. Сондай-ақ, 12-13 жас аралығындағы қыздарға иммундау жасалады. Бұл маңызды іс-шара елімізде қауіпті инфекцияның таралуын және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтуға бағытталған.Екпе жұмысы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін мектептердің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі. Жатыр мойны обыры Қазақстанда барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің екінші қауіпті түрі және жиілігі бойынша 25-тен 44 жасқа дейінгі әйелдер өлімінің екінші себебі болып саналады. Жыл сайын елімізде осы аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ жұқтыру болып табылатынын дәлелдеді. АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады. Әйелдердің арасында АПВ таралуы бірқатар елдерде вакцинациялаудың арқасында 90%-ға төмендеген, – дейді Нұрсұлтан Сәділұлы.







