Адам папиллома вирусы

АПВ жұқтыру немесе тарату қаупі келесі жағдайларда артады:
• жыныстық қатынаста бірнеше серіктестің болуы
• жыныстық қатынасты ерте бастау
• алкоголь тұтыну, темекі шегу
• вирустық инфекцияның болуы, мысалы, герпес және ұзақ уақыт бойғы күйзеліс.
• жүктілік
• дәрі қабылдау салдарынан немесе ұзақ аурудан кейінгі иммунитеттің төмендеуі.
Жатыр мойны обыры — жыл сайын жүздеген мың әйелдің өмірін қиатын ауыр онкологиялық ауру.
Жатыр мойны обыры әйелдерде ең көп таралған үшінші қатерлі ісік болып табылады және бүкіл әлемде денсаулықтың негізгі проблемасын білдіреді. ЖМО Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардан болатын өлімнің жетекші себебі болып табылады.
Жатыр мойны обырының негізгі себебі-адам папиллома вирусы- әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. Созылмалы АПВ инфекциясы әйелдерде жатыр мойны обырының дамуына, сондай-ақ ерлер мен әйелдерде ауыз-жұтқыншақ ісігі, онкогенитальды қатерлі ісік және басқа аурулардың дамуына әкеледі.
Адам папиллома вирусына қарсы егу жасөспірім-қыздарды өмір бойы өлімге әкелетін аурудан қорғауға, Қазақстанда жатыр мойны обырын жоюдың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация 11 жастағы қыз балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады.
Қ.Омарова Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысының м.а.
Фото: Н.Нұржаубай