Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық емхананың қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуіне партиялық бақылау жасалды

Аудандық емхананың қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуіне партиялық бақылау жасалды

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназармен бірге аудандық емханада болып, емханаға қарасты аумақ тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне және олардың жабдықталуына жоспарлы түрде партиялық мониторинг жұмыстарын жүргізіп, партиялық бақылау жасады.

Мониторинг барысында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жанар Жұмабаева есепте тұратын науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді. Өз кезегінде дәріхана менгерушісі, провизор Бақыткул Шакирова мен Жалпы тәжірибелік бөлімінің меңгерушісі Ақтоты Жақсылықова тегін дәрі-дермектерді алу заңдылықтары және дәрілердің түрлері мен сақтау мерзімдері туралы айтты. Тұтынушылар «Egov mobile» мобильді жүйесі арқылы QR-код көрсетіп, дәрі-дәрмекті ала алатынын атап өтті.

– Бұл сервис пациенттерге дәрі-дәрмекті қағаз құжатын көрсетпей-ақ, рецепті бойынша алуға мүмкіндік береді. Яғни, науқастың сәйкестендіру QR коды арқылы жүзеге асырылады және медициналық көмектің ашықтығын қамтамасыз етіп, жалған позитив жағдайларды азайтады. Сонымен бірге дәріханалар үшін рецепттерді тезірек және дәлірек өңдеуге, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына оң әсер етеді, олардың күту уақытын қысқартады,– деді Жанар Жұмабаева.

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы жыл сайын депутаттардың қолдауымен жергілікті бюджет есебінен қажетті тегін дәрі-дәрмекке қомақты қаржылар бөлініп жатқанын, бұл науқастар үшін үлкен көмек пен қолдау екенін айтты. Дәріхана қызметкерлерімен пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдап, халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету партияның тұрақты назарында екеніне тоқталды. Аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар тапсырысқа сәйкес емханаға келген дәрі-дәрмектердің талапқа сай сақталуына, заңдылыққа сай берілуіне ерекше мән беру керектігін жеткізіп, жауапкершілік жүгін арқалаған ақ халатты абзал жандардың жұмысына тілектестігін білдірді.
17 қыркүйек 2025 ж. 42 0