Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Сырдария ауданы әкімінің өкімімен Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «жерге орналастырушы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Шаған агрофирмасында жұмысшы болып бастаған.
2006-2007 жылдары «Қызылордажер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техник қызметкері, инженер;
2007-2008 жылдары «Қызылордажер 2» Жер-сәулет фирмасында жеке еңбек шарты негізінде «жер қатынастары және заңдастыру» бөлімінің бастығы;
2008-2012 жылдары Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші, бас маманы, бастығы;
2012-2016 жылдары Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бастығы,
2016-2017 жылдары «ГосГрадКадастр» РМК Қызылорда облыстық филиалының директоры;
2017-2018 жылдары Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
2018 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
26 шілде 2021 ж. 1 558 0