Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сыр өнімі – Астана төрінде

Сыр өнімі – Астана төрінде

Өткен аптаның демалыс күндері Астана қаласында Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 50 жүк көлігіне тиел­ген 60-қа жуық тауарөндірушінің құны 200 млн теңге болатын 500 тоннаға жуық өнімі апарылды. Оның ішінде 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет, 20 тоннадай балық, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізілді.

Бүгінде Сыр диқандары егін жи­нау науқанын қарқынды жүргізуде. Ерте егілген дәнді дақылдар толық жиналып бітті. Қазіргі таңда мал­азықтық, майлы дақылдармен қатар көкөніс, бақша және күріш жиналуда.

Сырдың жомарт даласын мекен еткен Сырдария ауданының диқан­дары биыл да берекелі өніммен қуантты. Астана тұрғындары үшін жәр­меңкеге 20 тонна күріш, 10 тонна қауын, 10 тонна қарбыз және 5 тонна асқабақ әкелді.

– Жыл сайын өтетін жәрмеңкеге Сырдария ауданының диқандары да өз үлесін қосады. Биылғы жылы берекелі күздің алғашқы жәрмең­кесіне басты дақыл – күріштен мол өнім апарып, астаналықтарды қуант­ты. Аймақтың басты дақылына айнал­ған күріштің 20 тоннасы, қауын мен қарбыз елордалықтар үшін жәрмеңкеге жеткізілді. Қыс қамы­на қамданған астаналықтардың қуанышында шек жоқ. Сыр өнімінен дәм татып, алғыстарын білдірді, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейітов.

Сондай-ақ жәрмеңке аясында Сыр елінің өнерпаздары қатысқан мәдени-танымдық концерттік бағдарлама елор­далықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылған.

Айту керек, шаруашылықтар егін жинауға қажетті ауыл шаруа­шылығы техникаларымен, жа­нар-­жағар­май­мен, минералды тыңайтқыш­тармен толық қамтамасыз етілген. Ай­мақ­та мал шаруашылығын дамытуға жасал­ған қолдаудың нәтижесінде төрт түлік мал басы өсіп, өнім өндіру ұлғайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатында аймақта ин­вест­­жобалардың жол картасы әзір­леніп, жалпы құны 57,1 млрд теңгені құрайтын 30 жобаны іске асыру жос­парлануда. Бұл жобалар өңір эко­но­микасын одан әрі өркен­детуге бағытталған.


«Тт» ақпарат


16 қыркүйек 2025 ж. 179 0