450 тоннадан астам Сыр дәмі елордаға жол тартты

– Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бас қаладағы жәрмеңке биыл да жалғасын тауып отыр. Осы жылғы жәрмеңке қыркүйек айының 16-17 күндері Астана қаласының 25 жылдығы мен Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бас қаладағы жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр диханы мен тауарөндірушілері 450 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін тұрғындарға төмен бағада ұсынбақ. Атап айтқанда, Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі. Одан бөлек, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады, - деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары Айнұр Тлеулеева.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі