Сыр елінің тартуы елордаға
28-29 қыркүйек күндері Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылуда.
Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.
Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.
Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.
Жалпы жәрмеңкеге 70 жүккөлікке тиелген 600 тоннадан астам өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынылады.
Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадай балық өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері жөнелтіледі.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Сыр елінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!