Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Елордадағы жәрмеңкеге сырдариялықтар да үлес қосты

Елордадағы жәрмеңкеге сырдариялықтар да үлес қосты

Астана қаласында Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Екі күн бойы елордалықтар Сыр өңірінің брендіне айналған күріші, балығы мен ас тұзы, қауын-қарбызы, ұлттық сусындарын саудалады.

Облыс бойынша 80-ге жуық Сыр диқан­дары мен тауар өндірушілерінің құны 270 млн теңге болатын 600 тоннадан астам өнімдері ұсынылды.
Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадай балық өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері бар. Жәрмеңкеге сыр­дариялық диқандар да үлесін қосты.

Биылғы күз маусымында алғаш рет ұйым­дастырылған жәрмеңкеге ауданнан 7 кө­лік­­пен 95 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде 53 тонна күріш, 40 тонна қауын-қарбыз және 2 тонна ара балы бар. Елорда тұрғындарына өз өнімін ұсын­ғандардың қатарында «Ақжарма және К» фер­мерлік қожалығы, Іңкәрдариядан «Даму-Қожеке батыр» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, Айдарлының қауыны және тереңөзектік «Арна» жеке кәсіпкері бар.

Айту керек, қазір ауданда егін жинау жұ­мыс­­­тары қарқынды жүргізілуде. Жалпы бүгінде Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнім­дері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталуда. Экспортталған өнімнің басым бөлігі – Сыр салысы күріш. Ол Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.

Астана төрінде өткен жәрмеңкеде келу­шілерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерт­тік бағдарлама қойылды.

«Тт» ақпарат
01 қазан 2024 ж. 86 0