Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр?

- Есірткі қылмысымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ іс-әрекеттерін анықтау, қылмыстық жолмен алынған қаражаттарды заңдастыру бағытында қазіргі уақытта Басқармамен қылмыстық топтарға қатысты әзірлеме жұмыстары жүргізілуде. Заңсыз айналымнан 1 тонна 315 килограмм есірткі заттары анықталды. Сондай-ақ үй жағдайында сора өсімдігін өсірген 5 фито-зертхана табылды. Облыс орталығында полицияның кешенді күштерімен күнделікті нарядтарда көп қабатты үй аулалары, гараждар мен құрылыс аумақтары арасында тексеру жұмыстары үнемі жүргізіліп, жедел басқару орталығының бейне-камералары арқылы шолу жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде есірткі жарнамалайтын «граффити» суреттер төмендеді. "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1050 сайт енгізіліп, бұғатталды. Іздеудегі қылмыскерлер бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жалғасуда. Биыл профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 17 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа тұрғындардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 819 іс-шара өткізілді,- деді Біржан Бабырұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі