Есірткімен күрес – ортақ міндет

Қызылорда облысының Полиция департаменті өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда.
Жыл басынан 172 құқық бұзушылық анықталып, 1 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 23 есірткі өткізу, 53 есірткі өсіру, 4 есірткі жарнамалау деректерінің жолы кесілді.
Заңсыз айналымнан 959 килограмм есірткі заттары, оның ішінде 884 килограмм сора өсімдігі, 63 килограмм марихуана, 9 килограмм көкнәр өсімдігі, 432 грамм гашиш, 2 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді. Үй жағдайында сора өсімдігін өсіретін 5 фитозертхана анықталды.
"Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1100 сайт енгізіліп, бұғатталды.
Кеңеске қатысушылар есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытында бірлесе қызмет атқару бойынша ұсынысты қолдады.