Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Тереңөзекте жаңа вокзал салынады

Тереңөзекте жаңа вокзал салынады

Өткен жылы 120 жылдық мерейтойын атап өткен Қазақстан темір жолы – еліміздегі көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігі саналады. Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірін байланыс­тыратын темір жолдың бойында миллиондаған халық тұрады. Ел мен елді байланыстырған темір жол саласында ауқымды өзгеріс орын алуда. Ашығын айтқанда, инфрақұрылым жұмысы түрленіп, көптеген аудан мен қалаларда вокзал жаңғыртудан өтуде. Сырдария ауданының аумағын қамтитын Тереңөзектегі вокзал бұзылып, бүгінде қайтадан жаңасын тұрғызуға жұмыс жасалуда.

Бірнеше күннен бері Тереңөзектегі вокзалдың құрылысын бастау үшін дайындық жұмысы жүр­гізілді. Ескі ғимарат түсіріліп, орнын биіктетіп, тегістеуге барлық жағдай қарастырылған. Күнделікті перроннан өткен халық жаңа ғимараттың тұрғызылуына куә болады. Құрылыс жұмысына байланысты ақпаратпен Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейірхан Бақытжанұлы бөлісті.

– Аудан орталығындағы 2008 жылы салынған Тереңөзек теміржол вокзалы бүгінгі күні тозығы жетіп, пайдалануға жарамсыз күйде болып отыр. Бұл ретте, «Etalon engineering KZ» ЖШС тарапынан техникалық тексеру жұмысы жасалып, тозуы жөніндегі қорытынды алынған. Осыған сәйкес, вокзал ғимаратына және оның іргелес жатқан аумағына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мақсатында, демеушілік есебінен «Тереңөзек теміржол вокзалын күрделі жөндеу және аумағын аббат­андыру» жобасы әзірленген. Жобаға сәйкес, перронды жарықтандыру, брусчатка төсеу, орындық пен қоқыс жәшігін орнату, көгалдандыру, темір қоршаулар орнату, жиектерін гранит тастарымен қаптау және тағы басқа құрылыс жобасы қарастырылған. Тапсырыс беруші – «КТЖ» ҰҚ» АҚ «Қызылорда магистральдік желі бөлімшесі» филиа­лы болса, мердігер мекеме «Р и А-Сервис ЛТД» ЖШС, жобалаушы мекеме «КазЭнергоПроектСтрой» ЖШС екенін айта кетейік. Бүгінгі күні демонтаж жұмыстары аяқталып, құрылыс басталуға жақын. Жыл соңына дейін ғимарат пайдалануға беріледі деп күтілуде, – деді бөлім басшысы.

Бұрындары вокзалдың бойында қызу тіршілік жүріп жататын. Ел асқан көпшілік саудамен айналысып, темір жол бойында қаншама күндерін өткізді. Аудандағы теміржол бекетіндегі ескі вокзал бүгінде көненің көзіндей. Алдағы уақытта жаңарған, жасарған вокзал халық игілігіне жұмыс жасайтынына сенеміз.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
12 тамыз 2025 ж. 235 0