Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты облыстық байқауы ұйымдастырылды

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты облыстық байқауы ұйымдастырылды

Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлерден құралған 8 топ қатысты.

Топтар: Абайдың қарасөздерін айту, ақынның өмірі мен шығармашылығынан қойылған сұрақтарға жауап беру, «Абай жолы» романынан қойылым көрсету, әндерін орындау бойынша сынға түсті.
Байқау қалалық жастар театрының «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!» прологымен ашылды.
Қоғамдық даму басқармасының басшысы Р. Каюпов байқауға қатысушыларды Абай күнімен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Абайдың «толық адам» тұжырымдамасы қазіргі Қазақстан қоғамының адам тәрбиесі мен рухани дамуы үшін өзектілігін жоғалтқан жоқ. «Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу» деген ұлы Абайдың сөзі қазақ оқырманын жан-жақты кемелденіп, рухани жетілуге бастайды. Абай шығармаларынан өзімізге рухани дүниені табамыз. Қазақ елі, қазақ әдебиеті, қазақ тілі бар жерде – Абай бар - деді Руслан Мұхамедәліұлы.

Байқауға қатысушылардың өнерін ақын, мәдениет саласының үздігі М. Байдәулетов бастаған қазылар алқасы бағалады.
Нәтижесінде жүлделі І орынды «Жалын» тобы (Шиелі ауданы), ІІ орынды «Нақыл нұры» тобы (Жалағаш ауданы), ІІІ орынды «Асыл мұра» тобы (Сырдария ауданы) жеңіп алса, ынталандыруға «Хикмет» тобы (Қызылорда қаласы), «Қорқыт» (Қармақшы ауданы), «Теңіз маржандары» (Арал ауданы), «Ғибрат» (Қазалы ауданы), «Сұңқар» (Жаңақорған ауданы) топтары ие болды.

Байқау жүлдегерлеріне Дипломдар мен Алғыс хаттар, сыйлықтар табысталды.

Байқау соңы ән шашуға ұласты.


Қоғамдық даму басқармасы

11 тамыз 2025 ж. 424 0