Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі қаладағы балаларға бақылау күшейтілді

Түнгі қаладағы балаларға бақылау күшейтілді

Ішкі істер министрі 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялауына орай, 27–29 шілде аралығында республика көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат - жасөспірімдер қылмысының алдын алу және балаларды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеев айтты.

- Біздің басты мақсатымыз - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан біз бұл бағытта Білім, Денсаулық сақтау, Қоғамдық даму басқармаларымен, Жастар ресурстық орталығымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Арнайы іс-шараға 300-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Ата-аналарға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Әрбір ата-ана өз баласының сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарында, көшелерде бейберекет жүрмеуін қадағалауы тиіс. Балаларымыз - біздің болашағымыз. Оларды қылмыстық ортадан, теріс әрекеттерден сақтау - ең алдымен отбасының, мектептің және қоғамның ортақ міндеті. Әрқайсымыз осы іске үлес қоссақ, балаларымыздың ертеңгі күні қауіпсіз әрі жарқын боларына сенімдіміз, - деді Ердаулет Баянбайұлы.




27 шілде 2025 ж. 114 0