Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

– Балалардың қауіпсіздігі әрқашан біздің назарымызда. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдарымен бірге балалардың қауіпсіздігі үшін тиісті шаралар қабылданып келеді. Өздеріңізге мәлім, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 16 маусымда күшіне енді. Осы Заңға сәйкес жаңадан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу бойынша 127-2-бап енгізілді. Жалпы, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу бағытында тұрақты түрде «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» секілді жедел профилактикалық шаралары мен «Абайлаңыз балалар» акциялары өткізілсе, күнделікті «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтері жүргізілуде. Ал, бүгіннен бастап қараша айының 2-і аралығында «Демалыс» профилактикалық іс-шарасы басталды,- деді полиция полковнигі Ердаулет Баянбанұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі