Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Ауданда «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Сырдария ауданы бойынша «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

Сырдария ауданы көлемінде кәмелетке толмағандар және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау бағытында, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жүріс - тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта ойын-сауық орнында және көшеде бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында, ағымдағы жылдың қаңтар айының 30 мен ақпан айының 2-күні аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын-алу болып табылады.
31 қаңтар 2025 ж. 266 0