“Балалар түнгі қалада” жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

– Іс шараның қорытындысымен кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 298 әкімшілік хаттама ресімделді. 16 кәмелетке толмаған жастар ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 1 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылса, 5 жасөспірім тыйым салынған заттарды алып жүргені үшін полиция бөлімдеріне жеткізілді. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 29 ата-анаға хаттама толтырылды. Ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 11 құқық бұзушылық анықталды. Түнгі тыныштықты бұзу бойынша 4 кәмелетке толмаған анықталды. Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы бойынша барлығы 278 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды,- деді Ердәулет Баянбайұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі