Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқын алуда

Жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқын алуда

Жалағаш ауданында денсаулық сақтау саласы жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Соңғы үлгідегі ауруханалар мен жаңа типтегі емханалардың салынуы аудан тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімі Ардақ Ибраимов мәлімдеді.

- Денсаулық сақтау - халықтың әл-ауқатын арттырудағы ең маңызды салалардың бірі. Біздің басты мақсатымыз - тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет ұсыну. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жақында республикалық бюджет есебінен Қаракеткен ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл нысан заманауи құрал-жабдықтармен толық жасақталған, сондықтан ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсету сапасы бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды. Бұдан бөлек, аудан орталығы мен ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандарын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары қолға алынып жатыр. Жаңа аурухана мен емханалардың ашылуы - тек заманауи ғимараттар ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардың жұмысына жағдай жасау және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған кешенді қадам. Болашақта да осы бағыттағы жұмыс жалғасып, медициналық қызметтің сапасы үздіксіз жетілдіріледі, - деді Ардақ Әбдіғаппарұлы.



27 шілде 2025 ж. 409 0