Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыстары жалғасуда

Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыстары жалғасуда

Сырдария ауданында кәсіпкерлікті дамыту мен өнеркәсіп өндірісін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі өсті, шағын және орта бизнес белсенділігі артты. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылай қолдаудың нәтижесінде қалыптасуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев баяндады.

– Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамытуға нақты тапсырмалар жүктеді. Біз ауданымызда осы бағытта жүйелі жұмыстарды жүргізудеміз. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 49 млрд. теңгеге жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106 пайызға орындалды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2600-ден астам кәсіпкер тіркеліп, оның 2550-ге жуығы нақты жұмыс істеуде. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлер 6,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 23 пайыздық өсімге қол жеткізді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге жыл басынан бері 75 жоба бойынша 3,7 млрд. теңге көлемінде несие және грант қаражаты берілді. Бұл қаржы жаңа жобаларды іске асыруға және кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.


25 шілде 2025 ж. 205 0