Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СОЛ ЖАҒАЛАУ АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ

СОЛ ЖАҒАЛАУ АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында цифрлық технологияларға ерекше мән берілген. Онда «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деп көрсетілген.
«Ақылды қала» тұжырымдамасының негізі 2012 жылдан бастап қаланды. 2013 жылы «Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасы бекітілді. Демек, барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр деген сөз.
Жолдауда «SMART CITY» тұжырымдамасы негізге алынған. Нақты міндеттің бірі болып Қарағанды облысы – денсаулық саласы, Павлодар аймағы – білім, ал, Қызылорда «ақылды басқару» бойынша пилоттық өңір болып бекітілді. 4 жыл ішінде үздік жобалар іріктеліп, өзге облыстарда жүзеге аспақ.
Жалпы, «SMART CITY» дегеніміз не? Бұл қандай ұғым? Ол халықтың қолайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін ресурстар мен қызметтерді басқару тиімділігін арттыру стратегиясы болып табылады. «SMART CITY» бағыттары Канадада (қауіпсіздік), Барселонада (көлік), қалдықтарды жою бойынша АҚШ-та, әлеуметтік қызметтерді көрсету саласы бойынша Сингапурда, дистанциондық білім беруде Стэнфорд, АҚШ-та, медициналық көмек көрсету бойынша Ұлыбританияда дамыған.
Қазір Сырдарияның сол жағалауы алып құрылыс алаңына айналғаны белгілі. Жаңа қаладағы барлық талаптар «Ақылды қалаға» негізделеді деп жоспарланған.
Бұл аймақты кешенді игерудің алғашқы кезеңі 2017-2024 жылдар аралығына белгіленген. Қаланың Бас жоспарына сәйкес, аталған аймақтың 1532 гектарын игеру көзделген. Негізінен, сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралады. Атап айтқанда, тұрғындарға арналған 11 аудан, 1 индустриалдық аймақ және 3 ірі парк пен бульвар қарастырылып отыр. 2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 132,9 млн теңгеге Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 1532 гектар аумаққа инженерлік-геологиялық және геодезиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы осы аумақтың түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Өткен жылы жаңа қала атанған аймақтан 5 қабатты 18 тұрғын үй мен 320 орындық балабақшаның іргетасы қаланды. Бұл нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен салынып жатқанын да айта кеткен жөн. Ал, жоба құны 742 млн теңгені құрайтын 320 орындық балабақша құрылысы «Абу-Сер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынуда.
Бүгінде бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының нұсқасы бойынша облыстық музейдің құрылысы жүргізілуде. Қызылордада, дәл осы Қазақ Орталық Атқару комитетінде 1925 жылы ұлтымыз «Қазақ» деген түпкі атын ресми иеленіп, тарихи шешім қабылданған болатын. Оның бір жағы мұражай да, екінші жағы Рухани жаңғыру орталығы болады. Бұл ғимарат көп ұзамай игілікке беріледі деп күтілуде.
Алдағы уақытта бұл аумақтан Жастар орталығы, Неке сарайы, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, онкологиялық орталық бой көтермек. Осы ретте, сол жағалауда «Болашақ» университетінің студенттер қалашығының құрылысы жүріп жатқанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, 12 қабатты әкімшілік ғимарат, оқу корпустары, Студенттер сарайы, клиникалық құралдармен жабдықталған медициналық және «Болашақ» колледжінің ғимараты, балабақша, дендросаябақ пен мегаорталық орналасатын болады.
Жаңа технологиялардың артықшылығы жеткілікті. Мәселен, ғаламтордан тамашалап жүрген «ақылды үйлерде» бәрі оңай басқарылады. Екі алақанды бір-біріне соғу арқылы жарық қосылса, теледидарды дыбыспен қосып-сөндіруге болады. Сол сияқты ас бөлмесі мен жуынатын бөлмеде де осы секілді кереметтерді жасауға мүмкіндік қарастырылған. Таңғалатын нәрсе. Бірақ, бұл дәл қазір біз өмір сүріп жатқан қоғамда іс жүзіне асуда.

А.АҚЫЛБЕК.
22 маусым 2018 ж. 991 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 14:20
Priligy Andorra Precio Viagra And Dropomine generic viagra Propecia Patente

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 16:30
Lasix Sweden Keppra No Prescription Needed Isotretinoin acutane buy viagra The Purple Pharmacy Web Site Achat Kamagra France Pharmacie