Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданы әкімінің құттықтауы

Сырдария ауданы әкімінің құттықтауы

Ардақты ағайын!
Қадірлі сырдариялықтар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын ерекше күн. Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолымен келеді.
Қазақта «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, Тәуелсіз Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елі сүйген Елбасы барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан зор құрметке ие болған кемеңгер тұлға.
Елбасы Сыр өңірінің де болашағын айқындап берді. Аймақты сәулеті мен дәулеті келіскен, тұрғындарға жайлы мегаполиске айналдыру бойынша бірқатар міндеттер жүктегені мәлім. Мәдениет пен өнерді, білім мен ғылымды, өнеркәсіп пен бизнесті дамыту арқылы біз бұл мақсатқа жететін боламыз. Әрбір іссапарында Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңірдің дамуына ерекше мән беріп, жарқын болашағына үлкен сенім артты. Сенім үдесінен шығу мақсатында ауқымды істер атқарылып, дамуға бағытталған жаңа жобалар жасалды.
Қадірлі жерлестер!
1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды.
Ел халқының бірлігі мен берекесін бекемдеп, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-несібе, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Құрметпен, Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі

01 желтоқсан 2021 ж. 306 0