Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Астана күнімен құттықтауы
Баршаңызды еліміздің бас қаласының мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде Сарыарқа төріндегі Елордамыз – еліміздің саяси, экономикалық, мәдени-рухани орталығы, әлем назарын өзіне аударған бейбітшілік пен келісімнің қаласына айналды.
Халықаралық қауымдастық алдында Қазақстанды орта державалы ел ретінде танытуда. Орталық Азияның қаржы орталығы, жаңа инновация мен технологиялардың ордасы болып, көш бастауда.
Азаматтарымыз Астанадан ортақ идея, рухани тұтастық құндылықтарын тауып, армандарына қол созып, мол табысқа жетуде.
Елдігіміздің алтын діңгегі саналатын Астананың мерейлі мерекесі –жұртшылықтың ортақ қуанышы.
Бүгінгі мерекеде шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Астанамыз Қазақстанмен бірге өсіп, өркендей берсін!
Ел іргесі берік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!