Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың 7 мамыр — Отан қорғаушы күнімен мерекелік құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың 7 мамыр — Отан қорғаушы күнімен мерекелік құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді. Бүгінде Қазақстанның шекарасын бүтіндеп, іргесін бекіттік. Біздің алдымызда тұрған маңызды міндет – осы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу» деп атап көрсетті.
Президент тапсырмасымен бүгінде қазақ әскерінің қуаты артып, еліміздің айбынды қорғанына айналды.

Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Биылғы мереке Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Бұл күні біз Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүргендер сарбаздарымызға құрмет көрсетеміз. Себебі, мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғаушылар барлық марапатқа лайықты.

Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Қастерлі отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мереке құтты болсын!

07 мамыр 2025 ж. 58 0