Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Баршаңызды бейбітшілік пен келісімнің, достық пен татулықтың үлгісіне айналған Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы» деп ерекше атап көрсетті.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен бірлігі бекем Сыр өңірінде жасампаз жұмыстар атқарылуда. Барлық жетістіктен өңір халқының мызғымас бірлігінің арқасында жүзеге асуда. Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған ауданымыз жыл өткен сайын көркейіп, кемелденуде, экономикасы өрге басып келеді. Барлық маңызды бағыттар бойынша жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Осы жетістіктердің бәрінде аудан тұрғындарының татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар.
Бүгінде Сырдария ауданында 16 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Аудандық ассамблеяның құрамы – этномәдени бағыттағы бірлестік өкілдерінен, қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғалардан тұрады. Ассамблея қазіргі таңда «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және медиация бойынша жұмыстар атқарып, бірліктің бекем болуына еңбек етуде.
Бүгінгі достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, татулығымыз тұрақты болсын!
Мереке құтты болсын!