Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » URBAN TALKS ASTANA: қалалардың болашағы туралы Халықаралық диалог – Қызылордадағы Ұлттық Урбан форумына жол

URBAN TALKS ASTANA: қалалардың болашағы туралы Халықаралық диалог – Қызылордадағы Ұлттық Урбан форумына жол

• Елордада 4 шілде күні "Астана Бас жоспары" ҒЖЗИ" ЖШС және ARCHICA халықаралық медиа платформасының қолдауымен URBAN TALKS ASTANA іс-шарасы ұйымдастырылды.

Астанада бас қосқан сарапшылар диалогы 8 шілдеде Қызылордада өтетін Ұлттық Урбан форумы – 2025 аясындағы іс-шаралардың алғашқы қадамы болды. "Астана Бас жоспарының" макеттеу залында Қазақстандағы қалаларды дамытудың тәсілін қайта форматтау идеялары сараланды.

Кездесу хедлайнерлері:

• Гарри Доббс – халықаралық деңгейдегі сәулетші, Harry Dobbs Design-нің негізін қалаушы (Ұлыбритания), оның дизайны Лондоннан Эр-Риядқа дейінгі мегаполистерді қамтиды. Мақсаты – стратегиялық жоспарлау мен креативті индустрияларды қала құрылысына тартуға бағдарланған.

• Юрий Милевский – Novaya Labs аналитикалық компаниясының негізін қалаушы (CEO). Қалалардағы тәуекелдерді бағалау және инновацияларды басқару саласы бойынша сарапшы. Компания құрылғанға дейін ол ЭЖМ ҒЗУ Урбанистика жоғары мектебіндегі жетекші академиялық позицияларда болды.

Спикерлер қазақстандық қалалардың алдында тұрған сын-қатерлер мен перспективаларды саралады, болашақ пікірталастар тақырыптары белгіленіп, нақтыланды. Халықаралық тәжірибе мен жергілікті контексті интеграциялау мәселелеріне баса мән берілді.
URBAN TALKS ел Астанасы мен өңірлері арасындағы өтпелі кәсіби диалогтың маңызды бөлігіне айналмақ. URBAN TALKS ASTANA мен алда өтетін Қызылорда форумы – урбанистік сын-қатерлерді түсіну мен оларды шешудің нақты тетіктерінің логикалық байланысын қамтамасыз етпек.

8 шілдеде Гарри Доббс пен Юрий Милевский Ұлттық Урбан – 2025 форумының бейінді сессияларында сөз сөйлейді, сондай-ақ "Қазақстанның қалалық күн тәртібін өңірлер деңгейінде іске асыру" тақырыптық сессиясына "Астана Бас жоспары" ҒЗИ" АҚ жанындағы урбанистика орталығының басшысы Данияр Чиндалиев қатысады.

Ұлттық Урбан форумы – 2025 БҰҰ-ның елдімекендер бойынша бағдарламасының (ЮН-Хабитат) аясында Қызылордада өтеді. Ол үш деңгейлі іс-шаралар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Атап айтқанда:
• Ұлттық урбан-форумдар жергілікті диалог пен шешімдерді әзірлеуге арналған өңірлік платформа;
• Елдерді географиялық орналасуы бойынша біріктіретін өңірлік кеңестер;
• Дүниежүзілік қалалар форумы (World Urban Forum) — тәжірибе алмасуға және қалаларды тұрақты дамыту саласында халықаралық күн тәртібін қалыптастыруға арналған жаһандық алаң.
06 шілде 2025 ж. 108 0