Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті

«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе.
2023 жылдың қараша айында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізді, оның барысында мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, ҮЕҰ және дағдарыс орталықтарының өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға ықпал ететін негізгі факторлар талқыланды. Нәтижесінде заңнамалық түзетулер пакеті қалыптастырылып, Қазақстан Республикасы Парламентіне жолданды.
2024 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.
Осылайша, бұрын денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық болып саналса, енгізілген өзгерістерден соң қылмыстық құқық бұзушылықтары ретінде бағаланады, ал денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіру қылмыстары үшін жауаптылық қатаңдатылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалынған зорлық-зомбылық әрекеттері үшін кешірім жоқ.
Мұндағы бірінші бағыт тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
Нұрхан ӘБДІКӘРІМ,
Сырдария аудандық сотының әкімші басшысы
Фото: Н.Нұржаубай