Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мүлік және жер иелерінің назарына!

Мүлік және жер иелерінің назарына!

Құрметті салық төлеушілер және аудан тұрғын­дары!
Сырдария ауданы бойынша МКБ иелігінде пәтер, тұрғын үй, жер учаскелері тіркелген азаматтарға өткен жыл үшін салығын ағымдағы жылдың 1-қазанына дейін төлеу керектігін еске салады.

Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар ағымдағы жылдың мау­сым айында меншік иелеріне жіберілген болатын.

Сонымен бірге салық сомасы туралы ақпаратты «Е-салық Азамат» мобильді қосымшасындағы жеке тұлғалардың алдағы төлемдерді төлеу қызметі сер­висінен, сондай-ақ мобильдік қосымшаның «Салық әмияны» қызметінің «Бюджетпен есеп айырысу» бөлігі арқылы біле аласыз және екінші деңгейлі банк қосымшаларының қызметін пайдаланып, онлайн түрде төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, Мемлекеттік кірістер органдарының 1414 нөмеріне хабарласып, байланыс орталығынан сауалыңызға жауап табасыз.

Барлықтарыңызды мүлік және жер салығы бо­йынша уақытылы төлем жасауға шақырамыз.

Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Фото: Н.Нұржаубай
01 шілде 2025 ж. 169 0