Жеке кәсіпкер теңгеріміндегі спорт алаңдары жаңғыртылуда

Осыған сәйкес, Қызылорда қаласындағы жеке кәсіпкерлердің теңгеріміндегі спорт алаңдары облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты спорт мектептерінің бөлінісіне беріліп, жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Бөлініске сәйкес, басқармаға қарасты «Облыстық жоғары спорт шеберлігі» мектебі «Мансап» жалпы білім беру мекемесінің теңгеріміндегі спорт алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қайта жаңартты.
Атап айтқанда, аталмыш мектеп қызметкерлері спорт алаңын әрлеу, тазалау, бүлінген аумағын ретке келтіру, аумағын қоқыстардан тазарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, көгалдандыру сынды жұмыстар атқарды.
Спорт алаңдарын жаңғырту жұмыстары бөлініске сәйкес жалғасатын болады.
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы