Демеушілер есебінен спорт ғимараттары толық жөндеуден өтті

Атап айтқанда, басқармаға қарасты “Мұз айдыны”, “Евразия”, “Орталық стадион”, қалалық “Ипподром” ғимараттары демеушілер есебінен сыртқы және ішкі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды.
Ғимараттарға жекелей тоқталсақ.
“Мұз айдыны” орталығы бойынша - жылу құбырлары толықтай жаңартылып, нысанның ауласы мен кіреберіс қақпасына әрлеу жұмыстары жүргізілді.
”Евразия” спорт кешені бойынша - Ғимараттың сырты толық боялып, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ғимарат ауласын көгалдандыру, тал егу, жаяу жүргіншілер жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
”Орталық стадион” бойынша - Нысанның сыртқы және ішкі бөлігіне әктеу-сырлау, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, стадионның қосалқы алаңының аумағын қоқыстардан тазарту, бүлінген жерін ретке келтіру жұмыстары орындалып, нысанның кіреберіс қақпасы қайта әрленді.
Қалалық “Ипподром” - кіреберіс қақпасы мен сыртқы аумаққа әрлеу жұмыстары жүргізіліп, тазалық жұмыстары қарқын алды.
Айта кетейік, аймақ басшысының спорт ғимараттарын жөндеу және қайта жаңарту бойынша тапсырмасы одан әрі жалғасатын болады. Сәйкесінше, “Евразия” спорт кешенінің бассейн бөлігі қайта жөнделіп, талапқа сәйкестендіріліп, жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, “Тарлан” бокс клубына да қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы