Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді топ жұмысы жандануда

Мобильді топ жұмысы жандануда

Сырдария аудандық ауруханасының мамандандырылған дәрігерлері мен медбикелері аудан орталығына іргелес орналасқан Асқар Тоқмағамбетов ауылына арнайы іссапармен барды.

Бір күнге созылған іс-шарада ақ халатты абзал жандар акушерлік гинекологиялық көмек көрсету ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы 2021 жылы шыққан №92 бұйрыққа сәйкес мобильді топ мүшелері тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді. Мобольді топ құрамында акушер-гинеколог Н.Әбішова, онколог М.Халыбева, СӨСҚ маманы Л.Ауминова, ЖВФ жауапты мейіргері Ж.Молдахметова болды.

Ақиық ақын ауылында сала мамандары жергілікті халыққа түсіндірме жұмысын жүргізіп, денсаулық жағдайына байланысты кеңес берді.




Сырдария аудандық ауруханасы
23 маусым 2025 ж. 293 0