Өз баспанаңызға апарар жолды нақты есептен бастаңыз
Үй таңдау кезінде аудан мен бөлме саны ғана шешуші емес. Ай сайынғы төлем отбасы бюджетіне сай келе ме, алғашқы жарнаға қанша қаражат қажет, ал кредитті өтеуге қанша уақыт кетеді? Осы сұрақтарға алдын ала жауап іздеу сатып алу жоспарын нақтылауға көмектеседі.Қазақстанда баспана алуды жоспарлаған адам үшін ипотека — жылжымайтын мүліктің құнын бірден толық төлемей, банк қаржыландыруын пайдалану мүмкіндігі. Сатып алушы алғашқы жарнаны өз қаражатынан төлейді, ал қалған соманы кредит шартына сәйкес өтейді. Бұл ретте сатып алынған мүлік кредит бойыншакепіл болады.
Ипотека шарттарын қалай бағалау керек?
Кредитті таңдағанда тек пайыздық мөлшерлемеге қарау жеткіліксіз. Алғашқы жарна, өтеу мерзімі және ай сайынғы төлем де маңызды. Bereke Bank сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ипотекалық бағдарламаның негізгі шарттары мынадай:
- кредит сомасы — 5 млн-нан 70 млн теңгеге дейін;
- алғашқы жарна — жылжымайтын мүлік құнының 20–50%-ы;
- кредит мерзімі — 5 жылдан 15 жылға дейін;
- номиналды мөлшерлеме — 21,7%, СЖТМ — 24,3%-ға дейін;
- рәсімдеу комиссиясы — 0 теңге, сақтандыру талап етілмейді.
Ай сайынғы төлемді алдын ала есептеңіз
Бюджетті жоспарлаудың ыңғайлы жолы — ипотекалық калькуляторды пайдалану. Есептеу кезінде тұрғын үйдің бағасын, алғашқы жарнаны, кредит мерзімін және өтеу тәсілін көрсету керек. Осы параметрлер өзгергенде ай сайынғы төлем де өзгереді.Алғашқы жарна неғұрлым жоғары болса, банктен қажет болатын кредит сомасы соғұрлым азаяды. Ал ұзақ мерзім төлемді көбірек айға бөлуге мүмкіндік бергенімен, жалпы төленетін пайыз мөлшерін арттыруы мүмкін. Сондықтан бір ғана нұсқамен шектелмей, бірнеше есепті салыстырған дұрыс. Калькулятор нәтижесі алдын ала бағдар береді, ал нақты шарттар өтінім қаралғаннан кейін анықталады.
Есептеу нәтижесін бағалағанда тек ай сайынғы төлемге емес, отбасының басқа да тұрақты шығындарына назар аударған жөн. Мысалы, коммуналдық қызметтерге, азық-түлікке және күнделікті қажеттіліктерге жұмсалатын қаражат бюджетте ескерілуі керек. Осылайша кредит төлемінің қаржылық жағдайға ықпалы алдын ала бағаланып, қолайлы мерзімді таңдау жеңілдейді.
Өтінім беруге қалай дайындалу керек?
Ипотека рәсімдеу үшін қарыз алушы жеке басын куәландыратын құжат пен табысын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Қажетті құжаттардың толық тізімін банк менеджері нақтылайды. Құжаттар тапсырылғаннан кейін алдын ала шешім бір жұмыс күні ішінде қабылдануы мүмкін, бірақ түпкілікті жауап қажетті тексерулерден соң беріледі.Өтінім бермес бұрын бірнеше жайтты назарда ұстаған жөн:
- алғашқы жарнаға жұмсалатын қаражатты анықтау;
- ай сайынғы төлемнің отбасы бюджетіне сәйкестігін бағалау;
- номиналды мөлшерлеме мен СЖТМ айырмасын түсіну;
- мерзімінен бұрын өтеу шарттарын оқып шығу.
Ипотеканы толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі кредит шартына сәйкес қарастырылады. Сондықтан шешім қабылдарда төлем кестесімен ғана шектелмей, келісімнің барлық талаптарын мұқият қарастырған дұрыс.
Өз баспанасын сатып алуға дайындық нақты есептен басталады. Үйдің құнын, алғашқы жарнаны және ай сайынғы төлемді салыстырып, қолайлы нұсқаны таңдауға болады. Ипотекалық калькуляторды пайдаланып, шарттармен танысу және өтінім беру үшін Bereke Bank ресми сайтына жүгініңіз.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген, 2026 жылғы 7 қазандағы № 1.1.914.151 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия). Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген, 2025 жылғы 12 наурыздағы бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған № 3.3.255/47 лицензиясы











