Тунг тунг тунг Сахур деген кім?

Бір қарағанда бұнда тұрған ештеңе жоқ секілді. Тек итальияндық ырғақта шығып жатқан, әзіл ретіндегі кейіпкерлер секілді. Алайда бұл кейіпкерлердің қайдан шығып жатқанын білесіздер ме? Олардың сөздерінің мағыналарына үңілсек, адам шошырлық мағына жатыр.
Сол анимациялардың бірі «Тунг тунг тунг Сахур» кейіпкерімен таныстыра кеткенді жөн санадық. Жоғарыда атап өткен кейіпкерлердің барлығы бір адамға тиесілі. Ол алғашында «Tikтok» әлеуметтік желісінде «noxaasht» атымен танылды. Бір қызығы, оның барлық бейнелері «brain rot» хештегімен жарияланған. Ал бұл сөздің мағынасы «Мидың шіруі» дегенді білдіреді екен. Яғни кішкентай бүлдіршіндердің жаңылтпаш сияқты жаттап жүрген сөздері, тікелей миға жасалып жатқан шабуыл деп есептесек болады. Себебі айтылып жатқан сөздерді өзін де бір қайталап көрсең, лезде қабылдап алып қайта-қайта айта бересің. Ал Тунг тунг тунг Сахур деген кім?
Ол – жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды кейіпкер. Түрі ағаш таяқшадан құралған, беті, көзі бар, адамша қимылдайды.
«Тунг тунг тунг» – бұл барабан ұрған дыбысты білдіреді. Яғни «оян, уақыт болды, сахур ішу керек!» деген мағынаны әзіл түрінде жеткізеді. «Сахур» – мұсылмандар жамағат үшін ораза алдында таңғы ас ішетін уақыт атауы. Кейіпкердің бейнесі кей адамға ұсқынсыз, тіпті қорқынышты көрінуі мүмкін. Бірақ балалар мен жастар оны қызықтап, қуана қарайды.
Белгілі журналист Дина Төлепберген, «TikTok» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында, «brain rot» хештегімен тараған бұл анимациялардың 1,5 миллионнан астам бейнежазбасы тарағанын айтты. Ал олардың барлығының көксегені, соғысты ойынға айналдыру, діни қорлау деген пікірін көрсетті. Сондай-ақ «brain rot» –жай ғана термин емес. Өткен жылы Оксфорд сөздігі, оны «Жыл сөзі», деп жариялағанын да атап өтті. Тунг тунг тунг Сахур бейнесі де сол бір адамның шығармасы. Сондықтан да оның да астарында жұмбақ дүние жатыр деп есептейміз. Бүгінде бұл образ маркетингтік құралға айналып, танымал ойындарда да қолданылып жүр.
Сол ойындардың бірі – «Free Fire». Көпшілікке таныс әрі күнделікті өмірде естіп жүрген онлайн-шутер.
Кез келген баланың ойнап көрген немесе әлі де ойнайтын ермегі болар. Қазіргі таңда «Garena» компаниясының бұл өнімі, адамдарды өзіне әлде де тарту үшін «Тунг Тунг тунг Сахур» кейіпкерін қолдануда. Онлайн аккаунтпен кіріп қарасаңыз, сол виртуалды анимацияның киімі мен дыбысы, барлық ойыншыларға үлестірілуде. Қолына таяқ ұстаған, үнемі ұсқынсыз күлкімен жүретін бұл кейіпкердің түпкі мақсаты белгісіз. Себебі кез келген бала үйренгені Тунг тунг тунг Сахур деген сөз ғана! Оның өзінде-ақ бүкіл әлемді жаулап кеткені де бар.
Негізінде балалар үшін шыққан анимациялар өз көрермендерін дұрыс тәрбиелеу үшін шығу керек. Олардың назарын тек жақсы жаққа аудару мақсаты болғаны жөн. Сондықтан бала тәрбиесі бірінші орында. Оларға мән-мағынасы жоқ құр сөздерден көрі, қазақи тәрбиемен жаңылтпаштар жаттатқан мың есе артық деп ойлаймын. Болашақ – осы өсіп келе жатқан жас буынның қолында. Сол себепті әрбір ата-ана өз перзентін күнделікті өмірде қадағалағаны абзал.
Асылжан ҚОНЫС,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1-курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден