Жасанды интеллект – жасампаздық үлгісі

Білім беру саласында ЖИ жастарға өз бетімен үйренуге үлкен мүмкіндік береді. Мысалы, ақылды қосымша арқылы әр оқушының деңгейіне сай жеке оқу жоспары жасалып, білім алу тиімділігі артады. Сонымен қатар ЖИ мұғалімдерге оқушының үлгерімін бақылап, әлсіз тұстарын анықтауға көмектеседі.
Негізінен ЖИ технологиялары жастардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Соңғы жылдары жасөспірімдердің чатботпен шамадан тыс байланысы, жалған ақпараттың көбеюі және онлайн алаяқтық олардың психологиялық саулығына қауіп төндіруде.
Әлеуметтік өмірде ЖИ көмегімен жастар күнделікті мәселесін оңай шешіп, виртуалды көмекші арқылы коммуникацияны жеңілдетуде. Алайда бұл бетпе-бет қарым-қатынастың азаюына және әлеуметтік дағдыларының әлсіреуіне себеп болуы мүмкін.
Еңбек нарығында да ЖИ-дің ықпалы артып келеді. Кейбір саланы автоматтандыру адам еңбегін алмастыруда. Бұл жастардың болашақ мамандық таңдауына әсер етіп, технологиялық білім мен қабілеттің маңызын арттырады.
Жалпы алғанда, жасанды интеллект – бүгінгі жастардың дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндік. Бірақ оны тиімді әрі қауіпсіз қолдану үшін білім, жауапкершілік және саналы көзқарас қажет. Жастар ЖИ-ді тек тұтынушы ретінде емес, оны жасап, басқаратын тұлға ретінде қабылдауы тиіс. Сонда ғана саналы әрі технологиялық сауатты ұрпақ тәрбиеленеді.
Қорытындылай келе, жасанды интеллект – жастар үшін үлкен мүмкіндік пен жаңа қауіптің көзі. Сондықтан ЖИ-мен дұрыс әрі қауіпсіз жұмыс істеуді үйрету, оны этикалық және саналы қолдануға тәрбиелеу – қоғамның басты міндеттің бірі.
Аружан АБЫЛАЙ,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
І курс студенті
Фото: Н.Нұржаубай