Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Балерина капучино» бала үшін зиянды ма?

«Балерина капучино» бала үшін зиянды ма?

Соңғы жылдары әлеуметтік желі әсіресе, «Tik Tok» балалар мен жасөспірімдердің басты қызығушылық танытатын платформаға айналды.Осы платформада түрлі виртуалды кейіпкерлер, трендтер мен хикаялар күн санап көбейіп,бүкіл әлемге таралуда.Солардың бірі «Балерина капучино» деп аталатын виртуалды бейне-образ, яғни ойын мен мультфильм элементтері араласқан Tik Tok тренді. Бұл нақты ойын да, мультфильм де емес, интернет қолданушылары тапқан хикая.

«Балерина капучино» алғашында Tik Tok пен YouTube Shorts платформа­ларында пайда болды. Анимациялық үлгідегі бейнелер желісіне, кейіпкер сан түрлі күлкілі және қайғылы оқи­ғаға кезігеді. Оның серіктестері де – фантас­тикалық кейіпкерлер: қолтырауын, сарбаз, өзге жаратылыстары бейнелердің көпшілігі музыкалық сүйе­мелдеумен, әдемі эффектілермен толықтырылған, көрермендерге өте әсерлі болып көрінеді. Балерина капучино мен оған ұқсас бейнелер баланың санасына зиянды хабарламаларды сіңіреді.

Мұндай виртуалды әсерден баланы толық оқшаулау мүмкін емес. Бірақ оның ықпалын азайтуға болады. Баланың ішкі әлемін байыту шынайы өнер, әдебиет, кітаптарды бірге тамашалау. Қауіп төндіретін трендтерге авто­матты түрде тосқауыл қоюға ата-ана бақылауды күшейту керек. Смартфон алдында өткізетін уақытты шектеу кү­ніне 1 сағаттан аспауы ұсынылады.

«Балерина капучино» тәрізді интернет трендтері жай ғана бейне емес, баланың психологиясына, дүние­танымына әсер ететін бей­саналық құрал. Мұндай бейнелер кейде сырттай қарағанда көңілді көрінгенімен, ішкі мазмұнында гендерлік кем­сіту­шілік, үстемдік, мағынасыз тәуелділік сияқты қауіпті астыртын түрде жеткізеді. Қазіргі таңда балалар виртуалды әлемде өз болмысын қалыптастырып жатыр. Егер сол әлемде тек мазмұнсыз, зиянды бейнелер болса онда балада өмірге деген көзқарас, өзіндік бағалау адам­гершілік негіздері әлсірейді. Сондықтан әрбір ата-ана, мұғалім бірігіп балаларды қорғау үшін әрекет етуі тиіс. Бұл – тек бір отбасының емес, тұтас ұлттың қоғамның мәселесі.

Аружан Абылай,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
1-курс студенті
Фото: Н.Нұржаубай

27 мамыр 2025 ж. 192 0