Аудан әкімі жылыжай жұмысымен танысты
Жылыжаймен танысу барысында аудан басшысы кәсіпкермен пікірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдалануды атап көрсетті.
– Мемлекет басшысы елімізде кәсіпкерлік саласын дамытуға үлкен қолдау көрсетуде. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Президент тапсырмасының Сыр елінде орындалуына ауқымды міндеттер жүктеді. Сондықтан кәсіп ашып, оны кеңейтетін адамдарға әркез қолдау көрсетеміз, – деді Берік Әбдіғаппарлы.
Нысанның жұмыс барысы туралы «Береке» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшісі Серік Әбжалиев ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кәсіпкер 2023 жылы "Ауыл аманаты" жобасымен 8,6 млн. теңге, 2024 жылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы тамақ өнеркәсібін дамыту жобасы бойынша 35 млн. теңге төмендетілген несие алып, жылыжай жұмысын жандандырған. Мұнда қияр және қызанақ өсірілуде. Қазіргі таңда сұраныс мол екенін жеткізді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі