Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 45 газет

21 маусым 2025 ж.

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қамысты бос ұстасаң...

Қамысты бос ұстасаң...

«Қамысты бос ұстасаң – қолыңды кесер» деген тәмсіл әлі күнге өз өміршеңдігін жойған емес. Бала тәрбиесіне тал бесіктен аса мән беретін қазақ қоғамында отбасылық құндылықтың бағасы төмендемейді. Жақында «Заң және тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында Өнер орталығында форум өткізілген болатын. Облыстық прокуратураның бастамасымен жүзеге асқан жиында бала тәрбиесіне, қауіпсіздігіне, ата-ананың жауапкершілігіне байланысты көптеген мәселе қаралды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Абзал Құспан, облыс прокуроры Ризабек Ожаров мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы секілді зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында орнықты ой, тәрбиеге қатысты тұжырымды бас­тама айтылды. Форумнан кейін қолымызға қалам алып, қоғам­ның өзекті мәселесі – бала тәр­биесі мен қауіпсіздігіне байланысты мақала жазуды жөн көрдік.

Орта есеппен, бір отбасында бірнеше өскелең ұрпақ тәрбиеленетіні жасырын емес. Қазіргі уақытта бала психологиясына отбасындағы ахуал тікелей әсер етеді. Ұрыс-керіске, ішкілікке бейім ата-ана баласының жағдайын бағдарлауға шамасы келмей жатады. Ұядан не көрсе, ұшқанда соны ілетін жеткіншектің болашағы бұлыңғыр болса, қиынның-қиыны. Ата-ананың бер­ген тәрбиесін еш­бір мұғалім бере алмайтынын ескерсек, отбасындағы сан түрлі жағдайдың бала өміріне тікелей әсер ететіні сөзсіз.

Күнделікті жастардың бұзақылық, құқық бұзу­шылық, әлімжеттікке бару салдарынан жапа шеккен жастар қатары жеткілікті. Түнгі мезгілде жасөспірімдер мен кәмелет жасқа толмаған жастардың көшеде жүруіне байланысты арнайы рейд жұмысы тұрақты жүргізіледі. Ата-ана қарауын­сыз көшеге шыққан жастар ұстаздар мен құқық қорғау органының мамандарының ескертуіне құлақ аспай жатады. Ақырында мұндайда ата-ана жауапкершілікке тартылады.

Жақында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төраға­лығымен құ­қық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ве­домство­ара­­лық комиссияның отырысы өт­кізілді. Комиссия отыры­сында «Кәмелетке толма­ғандар ара­­сындағы құ­қық бұзушы­лықтарға жол бермеу, алдын алу мақсатында қабыл­данған шаралар туралы» мәселе қаралып, жастардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылық болдырмау барысы талқыланды. Жалпы бала тәрбиесіне қатысты жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Соған қарамастан кейбір жағдайда құқық бұзушылыққа, заңсыз іс-әрекетке баратындар қатары аз емес.

Бала тәрбиесімен қатар, олардың қауіпсіздігі тең дәрежелі түрде назардан тыс қалмағаны дұрыс. Жаз маусымы басталып, демалысқа шыққан балалалар рұқсат етілмеген су айдындарына шомылуға барады. Жыл сайын елімізде 40-қа жуық бала суға шомылу кезінде бақилыққа аттанады. Жалпы Қызылорда облысы бойынша көпшілік жиі баратын 63 қауіпті суға түсу аумағы бар. Төтеншеліктер күн сайын тұрғындарға ескерту жасағанымен, балалардың суға түсуіне байланысты бірнеше фактор тіркелуде.

Қазіргі уақытта мектеп оқушы­ла­рының қатысуымен жол апаты жиі орын алады. Жеңіл автокөлікті және сомакатты рұқсатсыз айдай­тын жастар өз өмірін қатерге тігуде. Мұндайда қатаң тәртіпке бағын­байтын жастарға жауап­кершілікті кү­шей­тіп, тиісті шара көру керек. Ең алды­мен, жол ере­жесін бұзып, апат­қа себепкер бола­­тын оқу­шы­­­лардың заң­ды өкіл­дері бақылау жасау­­­дан жалтарып қал­­­мауы тиіс.

Облыс және аудан көлемінде тұрақты түрде өткі­зі­ліп келе жатқан іс-шаралар легі бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне бағытталуда. Бұл ретте, тәртіпке именіп, талапқа бағынып, заң аясында іс-әрекет етуге жас­тарды барынша бейімдеу керек.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
Фото: Ашық дереккөзден

21 маусым 2025 ж. 30 0