Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқарма басшысы пара волейболдан өткен Азия чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады

Басқарма басшысы пара волейболдан өткен Азия чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады

Жуырда Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет жеңімпаз атанған болатын. Бұл жетістік - еліміздің спорт саласы үшін тарихи оқиға болды. Себебі ұлттық құрама өкілдері алғаш рет Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды көкке көтерді.

Осыған орай, бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы ұлттық құрама сапындағы Сыр өңірінің мақтаныштары Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерасыл Әбдібек және Асылхан Амидолланы арнайы қабылдады.

Кездесу барысында басқарма басшысы чемпиондарға өз ризашылығын білдіріп, жеңіске жету жолындағы табанды еңбектеріне жоғары бағасын берді.

Сондай-ақ, жиында Бахтияр Ғарифоллаұлы сырбойылық спортшылардың әлемдік жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі үшін жүйелі жұмыс жасалып жатқандығын жеткізді.

Өз кезегінде басқарма басшысы спортшыларымызға қаржылай сертификат табыстап, алдағы халықаралық жарыстарға сәттілік тіледі.



@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

19 маусым 2025 ж. 192 0