Басқарма басшысы каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбайды қабылдады

Кездесу барысында басқарма басшысы жерлесіміздің қайталанбас жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы спорттық жолына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, тамыз айында өтетін каратэден Әлем ойындары мен қараша айында ұйымдастырылатын Әлем чемпионатын бағындырып, ел намысын абыроймен қорғап, жеңіске жетуіне сенім білдірді. Сондай-ақ, басқарма басшысы Мөлдір Жаңбырбай мен оның жаттықтырушысына қаржылай сыйақы табыстады.
Өз кезегінде мақтанышымыз Мөлдір Жаңбырбай өз алғысын айтып, алдағы жарыстарда чемпион атану үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Айта кетейік, осы жылдың төрт жарысында 50 кг салмақ дәрежесінде ең көп ұпай жинаған жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай үздік спортшы атанып, әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарына шыққан болатын.
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы