Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Өнерге жақын ел ағалары

Өнерге жақын ел ағалары

Ерте заманнан сәйгүлік аттың үстіне қонып, елдің еңсесін биіктете алған әрбір ер азаматтың қоғам өмірінде еңсерген белесі жеткілікті. Үнемі орнықты ойы, ілкімді ісі арқылы кез келген уақытта өзіндік көзқарасын таныта білетін ел ағалары ешқашан тұғырдан түскен емес. Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қолдауымен, Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен өткен жылы «Ұлағат» ардагер әкелер ансамблі құрылды. Талантты азамат, Бекзат Сәдуақасовтың жетекшілігімен құрылған ансамбль мүшелері күн сайын үздіксіз дайындық жүргізіп, ән өнерінің қыр-сырына тереңнен қанықты.

Қазақта «Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар» деген тәмсіл бар. Әрине, өткен мен бүгінді жалғайтын ер жүректі әкелеріміз музыканың логикасын же­тік меңгереді деп сеніммен айта аламыз. «Ұлағат» әкелер ансамблінің құра­мында мемлекеттік салада қызмет етіп, елдік мәселелердің шешілу жолында өзіндік қарым-қабілетін таныта білген азаматтар, ағартушылық салада талай мәрте сыналып, шәкірт­терін шыңға шығарған педагогтар, бұқа­ралық спортты дамытуда ерік-жігерін арнаған майталман мамандар, мәдениет саласын көкке өрлетіп, сахна шеберлерін шығарған өнердегі оғландар, жылдар бойын маңдайын күн сүйіп, егістік басынан табылған қарапайым еңбек адамдары, адам жанының арашасы атанған ақ халатты жандар, кәсіпкерлік саласының май­талмандары, еңбек адамдары, темір тұлпарды тізгіндеп тасымалдау қыз­метін жандандырған ардақты жандар бар.

– Мәдениет саласы қай кезде де қызығы мен шыжығы бірге жүретін ауқымдылығы жоғары қызметтің бір түрі. Күн сайын елді елең еткізетін жаңалық орын алмаса, көпшілікті ешбір дүниемен таңқалдыра алмауымыз мүмкін. Бұл ретте, әкенің қоғамдағы рөлін күшейтіп, мәртебесін биіктете ал­ғанымыз дұрыс. Көбіне өнерсүйер қауым барлық өнер ошағында аналар мен әжелерден құралған ансамбльді көріп, тамашалап жүр. Дегенмен, әкелерден құралған өнер ұжымы аз. Сондықтан болар біздің ансамбль мү­ше­лері көпшіліктің алғысына бөле­не білді. Қазіргі уақытта сан түрлі іс-шараға қатысқан әкелеріміз нағыз ән өнерінің мән-мағынасын түсініп келеді. Өнерлі ұжымның құрылуына өзіндік үлесін қосқан, ансамбль мүшесі Жұбаныш Манапұлының қапияда дүние­­ден өткені өкінішті, – дейді мәдениет саласының майталманы Сансызбай Сәдуақасов.

Бүгінде аудан мәдениет үйі жанынан құрылған «Ұлағат» ардагер әкелер ансамблі халық әндерін шырқап, қаза­қы, дәстүрлі шығармаларға аса мән беруде. Аудандық мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева үнемі ансамбль мү­ше­леріне зор құрмет көрсетілетінін жет­кізді.


Б.ОРДАБЕКОВ
17 маусым 2025 ж. 283 0