Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Ән көгінде ардагерлер

Ән көгінде ардагерлер

Мәдениет саласының ардагерлерінен құрылған “Алтын қазына” ансамблінің “Ән көгінде ардагерлер” атты шығармашылық ән кеші А.Тоқмағанбетов ауылында ұйымдастырылды.

– «Алтын қазына». Аты айтып тұрғандай аудан мәдениенің орындары ерекше саналатын ардагерлер қауымы ешбір құндылыққа тең келмесі анық. Талай жыл сахна төрінде халық игілігі үшін қызмет еткен мәдениет саласының ардагерлері басы өнер ұжымына біріікті. Өткен жылы Сырдария ауданы әкімінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен сала ардагерлері арасында «Алтын қазына» ансамблі құрылған болатын, – дейді жетекшісі Гүлзакира Аманжолова.

Бүгінде өнер ұжымының ауқымы кеңейіп, шығармашылық әлеуеті арта түсуде. Кәсіби майталмандардан құралған ұжым аз уақыт ішінде аудан мәдениетінде ерекше орындарын қалыптастыра білді. «Өнер – жұтамас байлық» демекші, ардақты ардагерлер музыка жанрынан кеңде емес екендіктерін байқатуда. Олардың өнердегі өзіндік қолтаңбасы айрық көрініс табуда.

Айта кетейік, «Алтын қазына» ардагерлер амсамблі Сырдария ауданына қарасты елді мекендерде шығармашылық кешін беруде. Әрине, жылдар бойы жинақтаған тәжірибесінің арқасында сала ардагерлері көпшілік арасында сый-құрметке ие. Ізгілік пен көрегенділік нышаны саналатын ел алдында есеп беру, шығармашылықты өркендету бүгінгі заңды талабы.

"Тт" ақпарат

23 сәуір 2025 ж. 259 0