Сырдария ауданы білім бөліміне қарасты №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Серік Анель Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық инновациялық университеті ұйымдастыруымен өткен "Менің әкем" республикалық шығармалар байқауына қатысып, Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы арнайы жүлдесінің иегері атанды. Жетекшісі Аншаева Жұлдызай Болатқызы.
Кездесу барысында білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің атынан жүлдегер қызымыз бен жетекшісіне "Алғыс хат" пен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сырдария аудандық білім бөлімі